Ерлан Саиров: ЕАЭО – тек экономикалық мүддені қарастыратын ынтымақтастық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» ІІ Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысында айтқан сөзі еліміз үшін ЕАЭО-ның тек экономикалық мүддені қарастыратын ынтымақтастық екеніне көз жеткізуге болады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Саясаттанушы ЕАЭО-да экономикалық мүдденің жаңа көкжиегі айқындалғанын атап өтті.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Енді Одақты дамытудың жаңа басымдықтарын айқындау қажеттігі туралы сұрағыңыздың екінші бөлігіне тоқталып өтейін. Кез келген істі қолға алғанда әрдайым қазіргі проблемаларды ғана шешіп қоймай, келешектегі жұмысты да жоспарлау керек екені сөзсіз. Сондай-ақ айналадағы жағдайдың өзгеруіне байсалды қарау керек.
Мұның бәрінің берік негізі болуға тиіс. Іргетасы неғұрлым мығым болса, соғұрлым мықты әрі ұзаққа төзімді ғимарат салуға болады. Ал біздің Одақтың іргетасы не? Одақ туралы келісімді толыққанды жүзеге асыру негізгі мәселе және солай бола береді, - деп айтты.
Еуразиялық экономикалық одақта экономикалық мүдденің жаңа көкжиегі айқындалды. Ол «Төрт еркіндік» қағидаттарына негізделеді.
инфрақұрылымға тең дәрежеде қол жеткізу,
әділ бәсеке,
тең құқық,
ұлттық мүддені ескеру.
Уақтылы. Нақты. Өзекті, - деп жазды депутат өзінің facebook-парақшасында.