Жалпы ішкі өнімді 2029 жылға қарай екі есе арттыру міндеті тұр – Серік Жұманғарин

Бүгін, 12:15
Айман Нығмет Айман Нығмет
views78
Жалпы ішкі өнімді 2029 жылға қарай екі есе арттыру міндеті тұр – Серік Жұманғарин
Фото: Видеодан скрин: Үкімет отырысы

Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Жалпы ішкі өнімді 2029 жылға қарай екі есе арттыру міндеті тұр. Осы мақсатта жоғары инвестициялық белсенділікті ынталандырудағы мемлекеттің белсенді рөлі есебінен экономикалық өсудің жедел қарқыны қамтамасыз етілетін болады. Үкімет жаһандық бәсекеге қабілеттілігі жоғары экспорттық өндірістер құру бағытында автомобиль жасау, теміржол машиналарын жасау, химия өнеркәсібі және мұнай-химия, сирек кездесетін металдарды қоса алғанда минералдық-шикізат базасын толықтыру, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін қайта өңдеу сияқты перспективалы бағыттарды айқындап отыр, - деді Серік Жұманғарин.

Министр «Инвестицияға тапсырыс» жобасының жалпы жоспарланған сомасы 5 трлн теңгеден асатынын айтты.

«Салалық министрліктер әкімдіктермен бірлесіп нарықты нақты түсінумен, инвестиция қажеттіліктерімен, жобалардың болжамды географиялық орналасуына қарай жобалар тізбесін айқындау бойынша жұмыс жүргізеді. «Инвестицияға тапсырыс» жобасының жалпы жоспарланған сомасы 5 трлн теңгеден асады. Талдау, құрылымдау және инвестиция тарту бойынша жұмыс «Бәйтерек» холдингімен жүргізіледі, - деді Серік Жұманғарин.