00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы басталды

1 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы басталды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында ел халқына кезекті жолдауын жариялауды бастады, деп хабарлады Elorda.info.

Баршаңызды кезекті сессияның ашылуымен құттықтаймын! Жауапты қызметтеріңізге табыс тілеймін! Көктемдегі сайлаудан кейін Парламенттегі саяси партиялардың қатары көбейді. Депутаттар құрамы айтарлықтай өзгерді.

Саяси партиялардың фракциялары, бір мандатты округтан сайланған депутаттар да жұмысқа белсене кірісті. Олар көптеген заң жобасына бастамашылық етіп, өзекті мәселелерді батыл көтере бастады. Депутаттарымыз жазда да көп жұмыс атқарды.

Небәрі екі айда 1200-ден астам елді мекенді аралап, сайлаушылармен кездесті, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысты. Мен баршаңызға табысты қызметтеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Жаңа сессияда жұмыс қарқыны бұдан да жоғары болады деп ойлаймын, - деді Қ.Тоқаев.