00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

«Қымбат импланттар мен тіссауыт 1 айда түсіп қалған»: Елордалық стоматологқа үкім шықты

27 қаңтар, 2025
Торғын Аман Торғын Аман
«Қымбат импланттар мен тіссауыт 1 айда түсіп қалған»: Елордалық стоматологқа үкім шықты
фото: Freepik

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен сапасыз қызмет көрсеткен стоматологиялық емхана пациент төленген ақшаны қайтарып, моральдық зиянды өтеуге міндеттелді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астаналық азамат тіс емдеу, имплантанттар мен тіссауытты орнату туралы стоматологиялық емханамен шарт жасасқан. Жұмыс аяқталғаннан кейін тіссауыттар орнатылып, олардың сапасына кепілдік берілген. Алайда, бір айдан кейін тіссауыттар түсіп қалған.

Талап қоюшы кепілдік мерзімі ішінде емханаға қайта жүгінген, алайда қызметтер көрсетілгеннен кейін оның жағдайы тек нашарлай түскен. Қабыну пайда болып, қосымша медициналық қызметке жүгінуге мәжбүр болған. Сот отырысы барысында стоматологиялық қызметтің дұрыс көрсетілмегені анықталды.

«Емхананың іс-әрекеті мен талап қоюшының денсаулығының арасындағы себеп-салдарлық байланыс сарапшы қорытындысымен расталды. Жауапкер сарапшылардың қорытындысын жоққа шығаратын дәлелдер ұсынбады. Сот іс материалдарын зерделеп, талап қоюшының талабын қанағаттандырды. Емхана көрсетілген қызмет үшін төленген соманы қайтаруға және моральдық шығынды өтеуге міндетті», - деді Астана қаласы сотының баспасөз қызметі.

Соттың шешімі заңды күшіне енді.