«Астана-Ақтөбе» матчы: ҚПЛ тарихындағы ең көп адам жиналған ойын болды

Бүгін, 09:58
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views49
«Астана-Ақтөбе» матчы: ҚПЛ тарихындағы ең көп адам жиналған ойын болды
фото: Pixabay.com

«Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы 25-турдың матчына 28 211 көрермен жиналып, Қазақстан Премьер-лигасының тарихындағы ең көп көрермен жинаған ойын болды, деп хабарлайды Elordaifo.kz KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.

Футболшылар көрермендерді қуантып, өз араларында сегіз гол соқты. «Астана» гол соғудан (5:3) жеңіске жетті.

Чинеду 10 (1:0), Жан 13 (1:1), Камара 21 (2:1), Чинеду 34 (3:1), Соса 40 (3:2), Грипши пенальтиден 45+2 (4:2), Чинеду 50 (5:2), Шушеначев 62 (5:3).

Енді елордалық футболшылар «Қайратпен» чемпиондыққа таласу үшін Алматыға жол тартпақ.

Маусымның басында «Астана» – «Қайрат» матчы 26 мың жанкүйер жинап, келушілер саны бойынша екінші орынға шықты. Көрермен саны бойынша үшінші орында 2024 жылы өткен «Қайрат» – «Ақтөбе» матчы 22 804 көрермен жинаған.

Бұған дейін «Қайрат» – «Пафос» матчының билеті сатылымға шыққанын жазған едік. 

Матч 21 қазанда Орталық стадионда сағат 21:45-те өтеді.