00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қоғамдық пікір көшбасшылары елорданың еріктілермен кездесті

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қоғамдық пікір көшбасшылары елорданың еріктілермен кездесті

Халықаралық қайырымдылық күніне орайластырылған Astana IT University-дегі кездесу барысында студенттер Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежановпен, продюсер Азат Әбікенмен, «Жас ұлан» республикалық ұйымының төрайымы Динара Сәдуақасовамен, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Олжас Сүлейменовпен алдағы халықаралық волонтерлік жобалар туралы әңгіме өрбітті. Сондай-ақ кездесу барысында шақырылған қонақтар негізгі аспектілерін жүзеге асыру бойынша өз ойларын ортаға салды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Есет Байкен елордалық жастардың болып жатқан өзгерістер мен әлеуметтік реформаларды қолдайтынын атап өтті.

Біздің еріктілер базасында 300-ге жуық волонтер бар. Тұрақты негізде орташа есеппен алғанда 500-ге жуық адам жұмыс істейді. Олар бағыттар мен топтарға бөлінеді. Бұл балалар қосымша шет тілдерін үйренеді және халықаралық іс-шараларға бірнеше рет қатысады. Олар шетелдік қонақтарды ертіп жүреді, аудармашы рөлін атқарады. Олардың көпшілігі шетелдік жоғары оқу орындарына түскісі келеді. Шетелдік ЖОО-лар оқуға түсу кезінде халықаралық іс-шараларға қатысқаны туралы сертификаттарды жиі сұратады. Шетелдіктермен қарым-қатынас жасау мәдениетті, тілді, дәстүрді игеруде маңызды фактор екенін түсіну керек, - деп атап өтті Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Шыңғыс Тілеулин.

Кездесуге қатысушылар елордалық еріктілердің белсенді қатысуын қажет ететін халықаралық жобаларға, соның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне тоқталды. Он тоғыз жастағы Анастасия Мороз фитнес жаттықтырушысы болып жұмыс істейді және бір жарым жылдан бері волонтерлік жобаларға қатысады. Бұрын ол жеңіл атлетикамен айналысқан, бірақ жарақатына байланысты спортты тастауға мәжбүр болған. Ол мұндай кездесулердің тәжірибе алмасып, пайдалы ақпарат алуда маңызы зор екенін айтты.  

Негізінен мен волонтер болып жұмыс істедім, түрлі халықаралық спорттық іс-шараларды өткізуге көмектестім. Ерікті ретінде шетелдік делегацияға қаланы аралатуға көмектестім. Онда мен шетелдік спортшылармен таныстым, олармен әлеуметтік желілер арқылы әлі күнге дейін сөйлесемін. Олар қазақтың қонақжайлылығы туралы жылы лебіздерін білдіреді, - деді ол.