Бектенов әуе рейстерінің кешігу жағдайларына қатысты тапсырма берді
19 ақпан, 2025


Фото: primeminister.kz
Үкімет отырысында авиация саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Премьер-министр әуе рейстерінің кешігу жағдайларына ерекше назар аударды.
«Ішкі ұшу сапарларының жиілігін арттыру, сондай-ақ халықаралық ұшу сапарларының географиясын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бірақ әуе рейстерінің кешігу жағдайлары да орын алуда. Көбінесе бұл әуе компаниялары мен әуежайлардың арасындағы ретсіз жұмыстардың кесірінен туындап жатады. Сондықтан министрлікке өзара іс-қимылдың тиісті тетіктерін пысықтауды тапсырамын», - деп атап өтті Үкімет басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда әуе рейстерінің кешігуі кезінде жаңа қызмет көрсетілетіні айтылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Орал қаласының жылу магистралін реконструкциялауға 2,5 млрд теңге бөлінді

31 шілде, 2025
Қазақстандағы үшінші АЭС-ті Қытай салады

31 шілде, 2025
Елімізде жылдам жүретін пойыздар саны арта ма – көлік министрі жауап берді

31 шілде, 2025
Доллар бағасы түсе ме - Роман Скляр валюта бағамына болжам жасады