Бектенов: Цифрландыру арқылы артық шығындар мен қажетсіз құрылымдарды азайту қажет
26 ақпан, 2025


Фото: primeminister.kz
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Әділет министрлігінің қызметіндегі орынсыз шығындарды азайту қажеттігін атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол шығындарды оңтайландыру цифрлық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін баса айтты. Бұл тәсіл министрлік жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған.
«Мен сіз атап өткен жаңа тәсілдерді толығымен қолдаймын. Цифрландыру арқылы артық шығындар мен қажетсіз құрылымдарды қысқарту қажет. Нәтижесінде, жалпы мемлекеттік аппараттың тиімділігі артады. Бұл барлық мемлекеттік органға қатысты», - деді Премьер-министр.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Орал қаласының жылу магистралін реконструкциялауға 2,5 млрд теңге бөлінді

31 шілде, 2025
Қазақстандағы үшінші АЭС-ті Қытай салады

31 шілде, 2025
Елімізде жылдам жүретін пойыздар саны арта ма – көлік министрі жауап берді

31 шілде, 2025
Доллар бағасы түсе ме - Роман Скляр валюта бағамына болжам жасады