Бектенов бірқатар жоба құны мен шығындардың өсуіне жол бермеуді тапсырды
6 ақпан, 2025


Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Республикалық бюджет комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
РБК отырысының қорытындысы бойынша орман тәлімбағын құру, ұлттық гидрометеорологиялық қызметті жаңғырту және өрт қауіпсіздігін күшейту арқылы қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолдау көрсетілді.
Сонымен қатар қосымша қаржылық қолдауды қажет ететін бірқатар жоба қарастырылды.
Премьер-министр мемлекеттік органдардың басшыларына процесті қатаң бақылауға алып, шығыстардың негізсіз артуына және жобалар құнының өсуіне жол бермеуді тапсырды. Бағдарлама әкімшілерінің жұмысын күшейту және сметалық құжаттамада енгізілген жоба құнын сақтау қажеттігіне назар аударылды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 11:48
Орал қаласының жылу магистралін реконструкциялауға 2,5 млрд теңге бөлінді

31 шілде, 2025
Қазақстандағы үшінші АЭС-ті Қытай салады

31 шілде, 2025
Елімізде жылдам жүретін пойыздар саны арта ма – көлік министрі жауап берді

31 шілде, 2025
Доллар бағасы түсе ме - Роман Скляр валюта бағамына болжам жасады