Қазақстанда алғашқы АЭС салынатын орын белгіленді
25 ақпан, 2025


Фото: freepik.com
Үкімет өз қаулысымен Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу орнын ресми түрде бекітті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстанда атом станциясын салатын орынды бекіту туралы Үкімет қаулысы ресми нормативтік актілер базасында жарияланды.
«Ядролық қондырғы – «Атом электр станциясы» құрылысын жүргізу орны ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы белгіленсін», - делінген құжатта.
Премьер-министр Олжас Бектенов 30 желтоқсанда құжатқа қол қойған. Дегенмен бұйрық 25 ақпанда жарияланған күні күшіне енді.
Айта кетейік, 8 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қазақстанда атом электр станциясын салуды тездетуді ұсынған еді.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Орал қаласының жылу магистралін реконструкциялауға 2,5 млрд теңге бөлінді

31 шілде, 2025
Қазақстандағы үшінші АЭС-ті Қытай салады

31 шілде, 2025
Елімізде жылдам жүретін пойыздар саны арта ма – көлік министрі жауап берді

31 шілде, 2025
Доллар бағасы түсе ме - Роман Скляр валюта бағамына болжам жасады