Жәнібек Әлімханұлы Астанада француз боксшысымен жұдырықтасады
5 ақпан, 2025


Фото: x.com/Janibek Alimkhanuly
Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) 5 сәуір күні Астанада жекпе-жек өткізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Белгілі инсайдер Майкл Копинджердің ақпараты бойынша, отандасымыз француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте орта салмақтағы IBF және WBO чемпиондық атағын қорғайды.
Жәнібек ESPN нұсқасы бойынша рейтингте бірінші нөмірде тұрған боксшы. Нгамиссенге жетінші орынға орналасқан. Отандасымыз WBO чемпиондық атағын бесінші рет, IBF белбеуін екінші рет қорғайды.
Анауэль Нгамиссенге Конгода дүниеге келген боксшы. Алғаш рет 12 раундтық жекпе-жекке шығады. Ал Жәнібек биыл күзге дейін үш бірдей чемпиондық атақтың басын біріктіргісі келеді.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Қазақстандық төрешілер 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының төрешілер құрамына үміткер болды

4 тамыз, 2025
Президент кубогы: Астанада теннистен ITF турнирі өтіп жатыр

4 тамыз, 2025
«Барыс» хоккей клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

4 тамыз, 2025
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады