Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Азия кубогында алтын жеңіп алды
20 ақпан, 2025


Фото: Спортты дамыту дирекциясынан
Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан нысана көздеуден Азия кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы кезекті алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Винтовкамен 50 метрден жатып нысана көздеуде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Александра Ле және Арина Алтухова, Елизавета Безрукова ешкімге дес бермеді. Олар 1849.8 ұпаймен күміс жүлдегер Жапониядан 1,5 балл көп жинады. Үздік үштікті Оңтүстік Корея командасы түйіндеді.
Осы жаттығудың жекелей сынында Арина Алтухова 618.2 ұпаймен 4-ші, Елизавета Безрукова 5-сатыдан көрінді. Ал Александра Ле 10-орынға табан тіреді.
Енді ертең әйелдер 3 позицияда нысана көздеуден жүлдеге таласады.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Қазақстандық төрешілер 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының төрешілер құрамына үміткер болды

4 тамыз, 2025
Президент кубогы: Астанада теннистен ITF турнирі өтіп жатыр

4 тамыз, 2025
«Барыс» хоккей клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

4 тамыз, 2025
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады