Милад Карими әлем кубогында екінші алтын медаль жеңіп алды
29 сәуір, 2025


Фото: olympic.kz
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінің екінші финалында да жеңіске жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Карими кермедегі жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті. Ол бағдарламасын сәтті орындап, төрешілердің шешімімен 14,466 ұпай жинады.
Мариос Георгиу (Кипр) 14,066 ұпаймен екінші орынды иеленсе, ал Ноэ Сейферт (Швейцария) 13,866 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Карими бұған дейін еркін жаттығуларда да топ жарған болатын. Ол жалпы есепте де әлем кубогының жеңімпазы атанды. Жалпы, оның қоржынында әлем кубогында жеңіп алған алты алтын медалі бар.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Қазақстандық төрешілер 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының төрешілер құрамына үміткер болды

4 тамыз, 2025
Президент кубогы: Астанада теннистен ITF турнирі өтіп жатыр

4 тамыз, 2025
«Барыс» хоккей клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

4 тамыз, 2025
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады