Қазақстандық самбошылар Азия чемпионатында 8 алтын жеңіп алды
16 сәуір, 2025


Фото: Қазақстан самбо федерациясынан
Ташкент қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер, жастар, жасөспірімдер арасында Азия және Тынық мұхит чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстан самбо федерациясынан мәлім еткеніндей, екі күннің қорытындысы бойынша қазақстандықтар 8 алтын, 5 күміс, 13 қола медальға ие болды.
Атап айтқанда, спорттық самбодан ерлер арасында Жандос Бейсенбаев (64 кг), Арнұр Қуатай (71 кг), әйелдерден Айман Ибрагимова (50 кг), Мәдина Ержан (80 кг) алтыннан алқа тақты.
Жауынгерлік самбодан Бақытжан Дүйсембеков (79 кг), Мәди Райхан (98 кг), Жадыра Пайыз (50 кг), әлем чемпионы Нұрила Асанқызы (+80 кг) үздік шықты.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Қазақстандық төрешілер 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының төрешілер құрамына үміткер болды

4 тамыз, 2025
Президент кубогы: Астанада теннистен ITF турнирі өтіп жатыр

4 тамыз, 2025
«Барыс» хоккей клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

4 тамыз, 2025
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады