Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алты медаль жеңіп алды
22 сәуір, 2025


Фото: olympic.kz
Даммам қаласында (Сауд Арабиясы) жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Команданың қоржынында бір алтын медаль бар. Оны Полина Кузубова (жетісайыс) жеңіп алды. Онсайыста Асқар Өмірзақ екінші орынға ие болды.
Қола жүлдені Асылзат Қыдырбай (жетісайыс), Дмитрий Шкердин (сырықпен секіру), Эвелина Рябкова және Кирилл Савченко (екеуі де 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру) жеңіп алды.
Медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы оныншы орынға тұрақтады. Бірінші орынды Қытай иеленсе, екінші орын Өзбекстан командасына бұйырды, ал Жапония үздік үштікті түйіндеді.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Қазақстандық төрешілер 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының төрешілер құрамына үміткер болды

4 тамыз, 2025
Президент кубогы: Астанада теннистен ITF турнирі өтіп жатыр

4 тамыз, 2025
«Барыс» хоккей клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

4 тамыз, 2025
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады