«Қайрат» Чемпиондар лигасының финалына шықты
3 мамыр, 2025


Фото: freepik
Алматының «Қайрат» футзал клубы Францияның Ле-Мана қаласында өткен Чемпиондар лигасының жартылай финалында Испанияның қазіргі чемпионы «Картахенаны» жеңді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қайрат» сенсациялық жеңіске жетіп, финалға жолдама алды — 3:2.
Қазақстандық команданың сапында Алиссон дубль авторы атанса, тағы бір голды 39-минутта қақпашы Деннис Кавальканти соқты. Ал испаниялықтар қатарынан Мигель Анхель Мельядо (20-минут) және Габриэль Мотта (40-минут, пенальтиден) мергендік танытты.
Финалда «Қайрат» Испанияның «Пальмасымен» кездеседі. Клуб жартылай финалда Португалияның «Спортингінен» басым түсті.
«Қайрат» бұған дейін Чемпиондар лигасын екі рет жеңіп алған (ол кезде турнир УЕФА Кубогы деп аталатын): 2013 және 2015 жылдары.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Қазақстандық төрешілер 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының төрешілер құрамына үміткер болды

4 тамыз, 2025
Президент кубогы: Астанада теннистен ITF турнирі өтіп жатыр

4 тамыз, 2025
«Барыс» хоккей клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

4 тамыз, 2025
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады