Астанада дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
21 сәуір, 2025


Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Астанада 9-11 мамыр күндері дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді. Байрақты дода елімізде биыл үшінші рет қабылданбақ, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әлемнің кіл мықтыларын жинайтын бұл бәсеке Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.
Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екіжақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Қазақстандық төрешілер 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының төрешілер құрамына үміткер болды

4 тамыз, 2025
Президент кубогы: Астанада теннистен ITF турнирі өтіп жатыр

4 тамыз, 2025
«Барыс» хоккей клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

4 тамыз, 2025
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады