Астана алғаш рет парадзюдодан әлем чемпионатын қабылдайды
12 мамыр, 2025


Фото: Астана қаласы әкімдігінен
13-15 мамыр күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 40-қа жуық мемлекеттің спортшылары жаһандық доданың жүлдесін сарапқа салады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әлемнің үздік парадзюдошылары Париж Паралимпиадасынан кейін жаңа салмақтарда бас жүлдеге таласпақ.
Айта кететін жайт, 2023 жылдың сәуір айында Астанада парадзюдодан Азия чемпионаты өткен болатын. Сары құрлықтың 11 мемлекетінің дзюдошылары қатысқан сында Ақмарал Науатбек топ жарып, чемпион атанған еді.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Қазақстандық төрешілер 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының төрешілер құрамына үміткер болды

4 тамыз, 2025
Президент кубогы: Астанада теннистен ITF турнирі өтіп жатыр

4 тамыз, 2025
«Барыс» хоккей клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

4 тамыз, 2025
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады