Суретшілер арасындағы республикалық байқауға өтінімдер қабылданып жатыр
28 қаңтар, 2025


Фото: Freepik
Қазақстанда кәсіби суретшілер арасында «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты республикалық шығармашылық байқауға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр. Бұл туралы Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Байқаудың мақсаты – ұлттық құндылықтар мен мәдени нысандарды дәріптеу, отандық суретшілердің шығармашылығын қолдау және қоғамдағы патриоттық рух пен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру.
Байқауға қазақ халқының дәстүрлі мәдени құндылықтары тақырыбында пейзаж, натюрморт және сюжеттік картина жанрында жұмыстарын ұсынған кәсіби суретшілер қатыса алады.
Өтінімдер 24 ақпанға дейін қабылданады. Марапаттау рәсімі және іріктелген туындылар көрмесінің ашылуы 2025 жылдың 12 наурызында өтеді.
Ұқсас жаңалықтар

31 шілде, 2025
Аргентина радиостанцияларында Димаш Құдайбергеннің 75-тен астам әні шырқалды

29 шілде, 2025
Қонаевта «Кенжем қайда?» көркем фильмінің түсірілімі жүріп жатыр

29 шілде, 2025
Димаштың әні алғаш рет Disney радиосында қойылды

28 шілде, 2025
Опера әншісі Әйгерім Алтынбек Италиядағы байқауда бас жүлдені жеңіп алды