Елордалық жүзгіш халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
5 мамыр, 2025


Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Афина қаласында (Грекия) өтіп жатқан Acropolis Swim Open 2025 халықаралық турнирінде Астана қаласының спортшысы Әділбек Мусин 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарыстың бірінші күні Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс жүлдеге ие болған болатын.
Айта кетейік, байрақты додаға 8 елден 680-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Турнир 5 мамыр күні өз мәресіне жетеді.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Астаналық өнерпаз зейнеткерлер Өзбекстанда өткен байқаудан жүлдемен оралды

30 шілде, 2025
Елордалық полицейлер республикалық жарыста жоғары марапаттарға ие болды

29 шілде, 2025
Астаналық оқушылар халықаралық олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді

28 шілде, 2025
Елордалық спортшы әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты