Елордалық спортшылар әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алды
4 наурыз, 2025


Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Франция астанасы Парижде өтіп жатқан көркем жүзуден жылдың алғашқы әлем кубогында Қазақстан намысын қорғаған Астана спортшылары кезекті жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астаналық спортшылар – Артур Майданов пен Валерия Столбунова жұбы еркін бағдарламада тамаша өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды.
Осыған дейін жерлесіміз Эдуард Ким жекелей сында күміс жүлдеге ие болған еді.
Айта кетейік, байрақты бәсекеде әлемнің 22 елінен 167 спортшы өнер көрсетіп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Астаналық өнерпаз зейнеткерлер Өзбекстанда өткен байқаудан жүлдемен оралды

30 шілде, 2025
Елордалық полицейлер республикалық жарыста жоғары марапаттарға ие болды

29 шілде, 2025
Астаналық оқушылар халықаралық олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді

28 шілде, 2025
Елордалық спортшы әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты