Астаналық гимнасшылар Ұлытауда өткен чемпионатта топ жарды
6 мамыр, 2025


Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің спортшылары Ұлытау облысында өткен көркем гимнастикадан облыстық ашық чемпионаттан жоғары нәтижелермен оралды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Елордалық гимнасшылар жекелей және топтық жаттығулар бойынша жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, жекелей бағдарламада Жанель Абен алтын медаль жеңіп алса, София Смағұлова мен Медина Мурадимова үздік үштіктің қатарынан көрінді.
Сонымен қатар 2013 жылы туған спортшылардан құралған «Олимп» командасы топтық жаттығуда жоғары шеберлік танытып, алтын жүлдеге ие болды.
Аталған чемпионатқа еліміздің 4 облысынан барлығы 75 спортшы қатысып, бақ сынады.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Астаналық өнерпаз зейнеткерлер Өзбекстанда өткен байқаудан жүлдемен оралды

30 шілде, 2025
Елордалық полицейлер республикалық жарыста жоғары марапаттарға ие болды

29 шілде, 2025
Астаналық оқушылар халықаралық олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді

28 шілде, 2025
Елордалық спортшы әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты