Ұшқыштар Астанада өтетін парадқа қызу дайындалып жатыр
27 сәуір, 2025


Ақорда
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі 7 мамырда Астанада өтетін әскери парадқа дайындалып жатқан ұшқыштардың жаттығу кадрларын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Министрліктің мәліметінше, ұшқыштардың өнері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шараның ең әсерлі сәттерінің бірі болмақ.
«Еліміздің басты алаңы үстінен ұшып өтетін 66 әуе техникасы – майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясы дайындық үстінде. Тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен әскери ұшқыштар ұшудың барлық нюанстарын мұқият пысықтап жатыр. Мақсат – көрермендерді техниканың үйлесімділігімен, әсемдігімен және қуатымен таңғалдыру», – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Елордада білім беру гранттарына құжат қабылдау қашан басталады

4 тамыз, 2025
«Мектепке жол»: Астанада 8 500-ден астам бала мектеп жабдықтарын тегін алады

4 тамыз, 2025
Елордада 125 жас сарбаз әскери ант қабылдады

4 тамыз, 2025
Астанада қазақ тілін тегін үйрететін курсқа жазылу басталды