Көрісу күні Атырау тұрғындары автобуста тегін жүреді
13 наурыз, 2025


Фото: Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атырау қаласында 14 наурыз – Көрісу күні және 22 наурыз – Наурыз мерекесі күндері барлық қоғамдық көліктер қала тұрғындары мен қонақтарын тегін тасымалдайды, деп хабарлады Elordainfo.kz azh.kz-ке сілтеме жасап.
«Мерекелік күндерге орай ұйымдастырылған бұл шара тұрғындардың туған-туыстарымен еркін қауышуына жағдай жасап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды мақсат етеді. Тегін тасымал қызметі тек Атырау қаласында ғана емес, қалаға қарасты ауылдық округтерді де қамтиды. Қоғамдық автобустар таңертеңнен кешке дейін қалыпты кестемен жүреді», - деді Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Атырауда Наурыз мерекесіне арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар 14 наурыздан 22 наурызға дейін өтеді деп жоспарланған.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Елордада білім беру гранттарына құжат қабылдау қашан басталады

4 тамыз, 2025
«Мектепке жол»: Астанада 8 500-ден астам бала мектеп жабдықтарын тегін алады

4 тамыз, 2025
Елордада 125 жас сарбаз әскери ант қабылдады

4 тамыз, 2025
Астанада қазақ тілін тегін үйрететін курсқа жазылу басталды