Елордада жылу беру маусымы аяқталды
22 сәуір, 2025


Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Астанада ауа райының жылынуына байланысты жылыту маусымы аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, сыртқы ауа температурасы бес күн қатарынан тәулігіне орташа +10°C және одан жоғары деңгейде тұрақты сақталған жағдайда, жылыту маусымын аяқтау туралы шешімді қала әкімдігі қабылдайды.
Ауа райының қолайлы жағдайына байланысты және қолданыстағы нормативтерге сәйкес, Астана қаласы әкімдігі 2025 жылғы 21 сәуірде жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдады, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2024-2025 жылғы жылыту маусымы Астанада 2024 жылғы 24 қыркүйекте басталып, 209 күнге созылды.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Елордада білім беру гранттарына құжат қабылдау қашан басталады

4 тамыз, 2025
«Мектепке жол»: Астанада 8 500-ден астам бала мектеп жабдықтарын тегін алады

4 тамыз, 2025
Елордада 125 жас сарбаз әскери ант қабылдады

4 тамыз, 2025
Астанада қазақ тілін тегін үйрететін курсқа жазылу басталды