Елорда мектебінде оқушылар ұстаздарына ерекше алғыс білдірді
28 ақпан, 2025


фото: «Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі
Алғыс айту күніне орай елордадағы «Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінде 250-ге жуық оқушы ұстаздарына ерекше алғыс білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мектеп қабырғасында түсірілген әсерлі бейнежазбада бастауыш сынып оқушылары музыка пәнінің мұғалімі Талғат Желдібаевтің «Алғыс айту» әнін шырқады.
«Бүгін мектебімізде Алғыс айту күніне орай оқушыларымыз ұстаздарын қарсы алып, шынайы ризашылықтарын білдірді. Бізге бейбіт өмір, тұрақтылық пен болашаққа нық қадам басу мүмкіндігін берген қасиетті жерімізге мың алғыс»,- деді мектеп директоры.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Елордада білім беру гранттарына құжат қабылдау қашан басталады

4 тамыз, 2025
«Мектепке жол»: Астанада 8 500-ден астам бала мектеп жабдықтарын тегін алады

4 тамыз, 2025
Елордада 125 жас сарбаз әскери ант қабылдады

4 тамыз, 2025
Астанада қазақ тілін тегін үйрететін курсқа жазылу басталды