Астанада жас жігіттің үстіне футбол қақпасы құлап, қаза тапты
14 ақпан, 2025


Фото: видеодан скриншот
Астанадағы спорт алаңында 25 жастағы жігіттің үстіне футбол қақпасы құлап, көз жұмды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қайғылы жағдай «Достық Арена» спорт алаңында болған. Футбол ойыны кезінде қақпада тұрған жігіт оған асылып, айналмақшы болады. Алайда жігіт оған асыла бергенде, қақпа жігіттің үстіне құлайды. Жігіт алған жарақатынан көз жұмды. Марқұм 25 жаста екен.
«Футбол алаңында ер адамның қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жазатайым оқиға болған. Қақпа жігітті басып қалған», - деп хабарлады елордалық ПД.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Елордада білім беру гранттарына құжат қабылдау қашан басталады

4 тамыз, 2025
«Мектепке жол»: Астанада 8 500-ден астам бала мектеп жабдықтарын тегін алады

4 тамыз, 2025
Елордада 125 жас сарбаз әскери ант қабылдады

4 тамыз, 2025
Астанада қазақ тілін тегін үйрететін курсқа жазылу басталды