Астанада Абылай хан даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
4 мамыр, 2025


Фото: Астана қаласы әкімдігі
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Манас көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты, 3-9 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы тараптардың бірі бойынша бір бағытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Елордада білім беру гранттарына құжат қабылдау қашан басталады

4 тамыз, 2025
«Мектепке жол»: Астанада 8 500-ден астам бала мектеп жабдықтарын тегін алады

4 тамыз, 2025
Елордада 125 жас сарбаз әскери ант қабылдады

4 тамыз, 2025
Астанада қазақ тілін тегін үйрететін курсқа жазылу басталды