Елімізде 333 ұйым емдік-сауықтыру қызметін көрсетеді
21 ақпан, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда санаторлық-курорттық қызметпен айналысатын 333 ұйым жұмыс істейді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Емдеу және медициналық оңалту ұйымдарының ең көп саны Түркістан облысында орналасқан – 117 ұйым, екінші орында Алматы қаласы – 34 ұйым, үшінші орында Алматы облысы – 22 ұйым.
Барлық емдік-сауықтыру ұйымдарының 287 – шағын кәсіпорындар, 38 – орта кәсіпорындар, 8 – ірі кәсіпорындар», - делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
Айта кетейік, меншік түрлері бойынша 86,5% немесе 288 ұйым жекеменшікке, 44 ұйым (13,2%) мемлекеттік меншікке, 1 ұйым шетелдік меншікке жатады.
Ұқсас жаңалықтар

31 шілде, 2025
Аллергиялық ринит неден пайда болады

30 шілде, 2025
Жеке кәсіпкерлер МӘМС төлемдері мен жеңілдіктер туралы нені білуі керек

30 шілде, 2025
Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы 240 мыңға жуық профилактикалық екпе жасалды

30 шілде, 2025
Медициналық сақтандыруда не қамтылған және оны қалай пайдалану керек