Референдум-2026

Жолдағы сервис нысандарының 95%-ын ұлттық стандартқа сәйкестендіріледі

Жолдағы сервис нысандарының 95%-ын ұлттық стандартқа сәйкестендіріледі
Фото: Көлік министрлігі

Елімізде жол бойындағы сервисті жүйелі түрде жаңғырту жалғасып жатыр. Халықаралық және республикалық автомобиль жолдарының бойында 1 429 сервис нысаны жұмыс істейді. Қазіргі таңда оның 94%-ы Ұлттық стандарт талабына сәйкес келеді, ал биыл бұл көрсеткішті 95%-ға жеткізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Жұмыс жүргізуші мен жолаушы үшін жаңа инфрақұрылым құруды да қамтиды. Биыл қосымша автожанармай құю станцияларын, қоғамдық тамақтану орындарын және санитариялық-гигиеналық тораптарды салу және орнату жоспарланып отыр.

Санитариялық инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігіне ерекше көңіл бөлінуде.

Қазіргі уақытта жолдар бойында 170-тен астам модульдік санитариялық-гигиеналық торап орнатылған. Сонымен қатар демалыс алаңы мен аялдама павильондарында тәулік бойы қолжетімді 900-ден астам тегін санитариялық нысан жұмыс істейді.

Оларды күтіп-ұстауды «ҚАЖсервис» ЖШС, жеке кәсіпкерлік субъектілері және жалға алушы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар электр көлігін дамытуға қажетті инфрақұрылым қалыптастырылып жатыр. Бүгінде халықаралық және республикалық жолдардың бойында 67 электр көлігін қуаттандыру станциясы жұмыс істейді. Осы желіні кеңейтуді мердігер ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп атқаруда.

Көлік министрлігі бизнес өкілдерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жол бойындағы сервистің жаңа нысандарын құру және қолданыстағы нысандарды жаңғырту жөнінде жұмыс жүргізіп жатыр.

Еске салсақ, елімізде үш ақылы жолда ЖИ элементі бар автономды камералар орнатылып жатыр