Президент G42 компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
30 қазан, 2024
фото: Akorda.kz
Мемлекет басшысы G42 компаниясының басқарма төрағасы Пенг Сяоны қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын дамыту бойынша бұған дейінгі кездесулерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы жөнінде мәлімет берілді.
Сонымен қатар Smart City жүйесін енгізу бағытында ынтымақтастықтың перспективасы талқыланды. Жоба заманауи технологиялық шешімдердің көмегімен қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Кездесуде инновациялық технология және «ақылды» инфрақұрылым салаларында Қазақстан мен G42 компаниясы арасындағы ықпалдастықты кеңейтудің тың мүмкіндіктері қарастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
2 мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Польша Президенті мен Премьер-министріне ризашылық білдірді
30 сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королін мерейтойымен құттықтады
30 сәуір, 2026
Президент Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады
30 сәуір, 2026
Тоқаев Халықаралық кинология федерациясының президентін қабылдады