«Кітап оқитын ұлт»: Қазақстанда марафонға қатысушылар саны 1 миллионға жетті

«Кітап оқитын ұлт»: Қазақстанда марафонға қатысушылар саны 1 миллионға жетті
Фото: pexels.com

«Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафонының ресми сайтында миллионыншы қатысушы тіркелді. Осылайша, еліміздің барлық өңірінен 1 000 000 адам кітапты, білімді және дамуды таңдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қатысушылар қатарында мектеп оқушылары мен студенттер, мұғалімдер мен ата-аналар, кітапханашылар, мемлекеттік қызметшілер, түрлі мамандық иелері және тұтас отбасылар бар.

«Бұл цифрдың артында жай ғана тіркеулер саны тұрған жоқ. Оның артында – марафонды өзіне жаңалық етіп ашқан және кітап оқуға қарай қадам жасаған миллион адам тұр», – делінген хабарламада.

Бұған дейін елордалық аға буынның көпшілікті кітап оқуға үндегенін жазған едік.