Астанада көмірді қайдан және қандай бағамен сатып алуға болады
Астанада тұрғындар үшін 14 көмір сату орны және 10 қойма жұмыс істейді. Олардың барлығы қажетті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен жабдықталған. Аталған нысандарда көмір сатумен 8 компания айналысады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Көмір сату орындары мына мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1; Герцен көшесі, 6/2; Көктал көшесі, 28/2; Мақат көшесі, 40; Жамбыл Жабаев көшесі, 76; Дулатов көшесі, 182/1; Мақат көшесі, 4/1; 70-проезд, №9А; ЖЭО-2; 101-көше, 30Б; Литейная көшесі, 44; Көктал көшесі, 28; Герцен көшесі, 6Б.
Бүгінгі таңда көмірдің орташа бағасы:
Шұбаркөл — тоннасы 19 500 теңге;
Қаражыра — тоннасы 18 800 теңге;
Майкүбі — тоннасы 16 800 теңге.
Сонымен қатар 109 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді. Осы нөмір арқылы тұрғындар көмір қоры, бағасы және сату орындарындағы қолжетімділігі туралы жедел ақпарат ала алады.