Астанада әлеуметтік желіде балағат сөздер айтқан бойжеткенге айыппұл салынды
Астанада полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында тікелей эфир кезінде әдепсіз әрекет танытып, қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқан қыздың қатысуымен жарияланған бейнематериалды анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері Алматы облысының 27 жастағы тумасы Маржан Әділбекті анықтады.
Тексеру барысында әйелдің тікелей эфир кезінде қаладағы қоғамдық орындардың бірінде болғаны және «күлдіргіш газ» деп аталатын затты қолданғаны белгілі болды.
«Азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен оған айыппұл салынды.
Қазіргі уақытта аталған мекемеге қатысты тексеру жүргізілуде.
Аталған затты қолдану фактісіне тиісті құқықтық баға беріледі», - делінген хабарламада.
Полиция қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті бұзу, агрессивті мінез-құлық таныту және балағат сөздер айту заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Еске сала кетейік, Ішкі істер министрлігі 22 қылмыстық топтың жолын кесті.