Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканың түрлі саласында іске асырылатын Қазақстан мен Корея Республикасының бірлескен инвестициялық жобалары жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ұсынылған бастамалардың қатарында Алматы қаласында жергілікті автобөлшектер өндірісін ашу жобасы бар. Оның аясында отандық автозауыттардың сұранысына сай көліктің бәсеңдеткішін, орындық қаптамасын, еден жабыны мен сымдар будасын, сондай-ақ дөңгелек дискілерін шығару жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына Қостанай қаласында KIA компаниясының Локализация орталығы ашылатыны туралы баяндалды. Онда есік панельдері, орталық консольдар, орындықтар, төбе және еден қаптамалары, бамперлер мен автомобильдің басқа да бөлшектері өндірілмек.
Бұдан бөлек, Президентке медицинада қолданылатын ультрадыбысты диагностика жүйелерін шығару, Алматы қаласында корейлік басқару үлгісі мен заманауи медицина технологиялары қолданылатын көпбейінді аурухана салу, дрондар құрастыру секілді маңызды жобалар көрсетілді.
Мемлекет басшысына Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның инвестициялық жобалары таныстырылды
15 қыркүйек, 2026
Фото: Ақорда
Ұқсас жаңалықтар
1 қараша, 2026
Қазақстан БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнатты
1 қараша, 2026
Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
30 қазан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары аяқталды
30 қазан, 2026
Air Astana мен China Southern Airlines стратегиялық серіктестік орнатты