Ұлттық тасымалдаушы №3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» бағыты бойынша билеттерге 25% жеңілдік жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жолаушылар тасымалы» компаниясы еліміздегі сұранысқа ие бағыттардың бірінде теміржол билетіне арнайы апталық жеңілдік ұсынады. 2026 жылғы 2–5 қараша аралығында №3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» бағытындағы пойыз билеттерін 25% жеңілдікпен сатып алуға болады.
Компанияның мәлімдеуінше, бұл ұсыныс жолаушыларға Астана мен Алматы қалалары арасында тиімді бағамен сапар шегуге мүмкіндік береді.
Еске сала кетсек, жалған концерт билетін сатқан жігіт 2 жылға бас бостандығынан айырылды.