Корея Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды

Бүгін, 16:22
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Корея Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды
Фото: akorda.kz

Сеулге мемлекеттік сапармен барған Қазақстан Президентін Корея Республикасы Президентінің резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.

Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея Премьер-министрі Хан Сон Сук Alatau Smart City жобаларымен танысты.