Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті
30 қазан, 2024
фото: Akorda.kz
Мемлекеттер басшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы қазақ-қатар ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін, сондай-ақ жыл басында қол қойылған Ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі келісімді жүзеге асыру барысын талқылады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан мен Қатар арасындағы қарым-қатынас нақты стратегиялық және өзара тиімді сипат алғанын атап өтті.
Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шақырған Doha Forum 2024 конференциясына қатысатынын растады.
Тараптар екі ел арасындағы тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.
Ұқсас жаңалықтар
21 маусым, 2026
Серік Жұманғарин Ауғанстан басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
21 маусым, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті шақыруымен Брюссельге барады
20 маусым, 2026
Қазақстан Ауғанстанға 318 тонна гуманитарлық көмек және қазақстандық дәрігерлер тобын жіберді
20 маусым, 2026
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан су-энергетикалық жағдайға қатысты бірқатар келісім жасады