Референдум-2026

Олжас Бектенов аса маңызды тауарлар тізбесін айқындауды тапсырды

4 тамыз, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Олжас Бектенов аса маңызды тауарлар тізбесін айқындауды тапсырды
Фото: primeminister.kz

Қазақстан негізгі азық-түлік тауарлары бойынша ішкі сұранысты отандық өніммен қамтамасыз етіп отыр. Премьер-министр Олжас Бектенов ел ішінде шикізат, материалдар, құрамдас бөліктер мен дайын өнім өндірісін одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ішкі нарық негізгі азық-түлік тауарлары бойынша отандық өніммен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар дайын өнім өндіруге қажетті импорттық шикізат пен құрамдас бөліктерге тәуелділік әлі де бар. Әсіресе, азық-түлікке жатпайтын тауарлар секторында тәуелділік жоғары», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сауда, Өнеркәсіп және Ауыл шаруашылығы министрліктеріне бір ай мерзімде Қазақстанда өндірілуі қажет болатын аса маңызды импорттық тауарлардың, шикізаттың, материалдар мен қосалқы бұйымдардың тізбесін айқындау тапсырылды.

«Әрбір позиция бойынша жүзеге асыру мерзімдерін белгілей отырып, отандық өндірісті құру немесе кеңейту бағытында нақты шаралар әзірлеу қажет», - деп тапсырды Премьер-министр.

Бұған дейін Премьер-министр қазақстандық өндірушілерді ақпараттық шабуылдардан қорғауды тапсырды.