Гуанчжоу - Алматы ұшағында әйел адам қайтыс болды
12 желтоқсан, 2025
Фото: freepik.com
Гуанчжоудан Алматыға ұшып келе жатқан ұшақта бір әйел қайтыс болды. Осыған қатысты Көліктегі полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Алматы қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Жолаушы өлімінің алдын ала себебі – созылмалы ауру. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды», - деп жазылған Көліктегі полиция департаменті хабарламасында.
Бұған дейін Ақтөбе - Алматы рейсінің жолаушысы ұшақ шұғыл қайтарылғаннан кейін қайтыс болғанын жаздық.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды