Елордада «INVEST CARAVAN» жобасы аясында инвесторлардың өзекті мәселелері қаралды

Бүгін, 19:28
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елордада «INVEST CARAVAN» жобасы аясында инвесторлардың өзекті мәселелері қаралды
Фото: instagram.com/prokuratura.ast/видео скрині

«INVEST CARAVAN» жобасы аясында Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры Нұрлан Тойчубековтың төрағалығымен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап.

Іс-шараға Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының және өзге де мүдделі тараптардың өкілдері қатысты.

Кеңес барысында «Астана даму орталығы» ЖШС мен «Astana Invest» ҚИДО» ЖШС-нің сүйемелдеуіндегі инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер қаралды. Жобалардың уақытылы іске асырылуына кедергі келтіретін әкімшілік және инфрақұрылымдық тосқауылдарды анықтауға, сондай-ақ оларды жедел жоюдың тиімді тетіктерін әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар инвестициялық бастамаларды іске асырудың ағымдағы мәртебесін, инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларын және бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша инвестициялық жобаларды одан әрі сүйемелдеу жөніндегі шаралар айқындалып, инвесторлардың құқықтарын қорғау және елорданың инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.