Елімізде электр энергиясын өндіру артты

5 мамыр, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде электр энергиясын өндіру артты
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

«KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Үкімет отырысында өткен күзгі-қысқы кезеңнің қорытындылары және алдағы 2026-2027 жылдарға дайындық туралы баяндады., деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ол өткен күзгі-қысқы кезеңде Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің тұтыну максимумы 2025 жылғы 18 желтоқсанда тіркеліп, 17 724 МВт-ты құрағанын атап өтті. 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңмен салыстырғанда жүктеме максимумы 3%-ға өсіп, 521 МВт-ты құрады.

2025 жылы электр энергиясын тұтыну 2024 жылмен салыстырғанда 4,6 млрд кВтсағ немесе 3,8%-ға артып, 124,6 млрд кВтсағатты құрады.

2025 жылы электр энергиясын өндіру 5,2 млрд кВтсағатқа немесе 4,4%-ға өсіп, 123,1 млрд кВтсағатты құрады.

2026-2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде максималды тұтыну көлемінің деңгейі 18,2 ГВт болады деп күтілуде. Алдағы күзгі-қысқы кезеңнен тиімді өту үшін блоктық стансалар келесі режимде жұмыс істеуі қажет:

-Екібастұз ГРЭС-1 – 8 блок;
-Екібастұз ГРЭС-2 – 2 блок;
-«ЕЭК» акционерлік қоғамы – 7 блок;
-Жамбыл ГРЭС-і – 4 блок (бір резервтік блокты дайындық жағдайында ұстап отыру қажет).

Сонымен қатар:
-жоспарланған қуатты іске қосуды қамтамасыз ету қажет (Түркістан БГҚ, Қызылорда БГҚ, Алматы ЖЭО 2 мен ЖЭО 3-тің БГҚ және басқалары);
-Жүйелік оператормен келісілген мерзімде негізгі генерациялайтын және электр желілік жабдықтарды жөндеуді жоспар бойынша орындау қажет;
-жылу электр стансаларындағы көмірдің нормативтік қорларын қаматамасыз етіп, газ электр стансалары үшін газды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету қажет;
-Жамбыл ГРЭС-ін жеткілікті көлемде отынмен, салқындатқыш сумен қамтамасыз ету мәселелерін алдын ала шешу қажет.

Еске салайық, бұған дейін Үкіметте жылыту маусымына дайындық мәселесі қаралғаны туралы жаздық.