Ақтөбеде көпқабатты үйде үш адам тірідей өртеніп кете жаздады
11 мамыр, 2025
Фото: ҚР ТЖМ
Ақтөбе қаласында көпқабатты үйде үш адам тірідей өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Оқыс оқиға Ақтөбе қаласының Астана ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында болды. Пәтерде жиһаз қызыл жалынға оранған.
«Түтін басқан подъездден өрт сөндірушілер 3 адамды құтқарды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды