Блогер жарнама үшін «өлікті» лифтке кіргізіп, тұрғындарға пранк жасады
14 мамыр, 2025


Фото: Араш Гасанов/Instagram
Блогер Араш Гасанов лифтке «өлік» кіргізіп, пранк жасап, сынға қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Видеода көрініп тұрғандай, лифт ішінде жалғыз жас жігіт тұрған. Блогер мен оның достары лифт ішіне өлген адамның рөліндегі «актерді» көтеріп, кіргізіп тастап кетеді де жарықты өшіріп тастайды. Бір сәтте онсыз да шошып қалған жігіттің жанындағы «өлік» тіріліп кетіп, зәресін алады.
Блогер мұны пранк деп атап, жігітке стоматологияның 30 мыңдық сертификатын ұсынды. Осылайша Араш Гасанов тіс емханасының жарнамасын жасаған.
Еске салайық, Мақсат Толықбаев пранк жасап, контент түсіретіндерді жауапқа тартуды сұраған еді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 20:08
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

Бүгін, 12:56
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

Бүгін, 09:07
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады