Неліктен 11 жастан асқан қыздарға ғана АПВ-ға қарсы вакцина салынады
24 қыркүйек, 2024


фото: www.gov.kz
Педиатр-неонатолог, невропатолог дәрігер Айнұр Мақсұтова Орталық коммникациялар қызметінде өткен брифингте АПВ-ға қарсы вакцина Неліктен 11 жастан асқан қыздарға ғана салынатынын түсіндірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оның айтуынша, осы жаста қыздың ағзасының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері қауіпсіз вакцинациялауға мүмкіндік береді.
«Иммундық реакция жетіледі, яғни иммундық вакцинаға жақсы жауап болады. Сондай-ақ 11 жасында қыздар белсенді өмір салтын ұстана бастайды: сауна, бассейн, спорт секциялары, би үйірмелері сияқты қоғамдық орындарға көбірек барады. Адам папилломасы вирусы байланыс және тұрмыстық тәсілмен берілетіндіктен, осы жаста оны жұқтыру қаупі артады», - деді Айнұр Мақсұтова.
Ұқсас жаңалықтар

1 тамыз, 2025
Астанада адам саудасына қарсы күрес мәселелері талқыланды

1 тамыз, 2025
Елімізде әлеуметтік қорғау саласының үздік қызметкерлері мен жобалары анықталады

31 шілде, 2025
Қазақстандықтардың көпшілігі елдің даму бағытын қолдайды

31 шілде, 2025
«Ешқандай күмән болмауы керек»: экология министрі киік етінің сапасы туралы айтты