Елорда әкімі генерал Иван Панфилов пен 28 панфиловшы батырларға арналған ескерткішке гүл шоғын қойды

9 мамыр, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елорда әкімі генерал Иван Панфилов пен 28 панфиловшы батырларға арналған ескерткішке гүл шоғын қойды
фото: instagram.com/jenis_qasymbek

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында елордалықтар мен қала қонақтарын Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Құрметті елорда тұрғындары! Ардақты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді әрбір қазақстандықтың жүрегінде ерекше орын алатын қастерлі мереке – Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Бүгін генерал Иван Панфилов пен 28 панфиловшы батырларға арналған ескерткішке гүл шоғын қойдық. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлікпен қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алдық.

9 мамыр – Ұлы Отан соғысы жылдарында өмірін құрбан етіп, елінің еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғап қалған батырларды еске алу күні. Соғысқа бір миллион екі жүз мыңнан астам қазақстандық аттанып, олардың жүздеген мыңы майданнан сол қалпы оралмады. Олардың ерлігі, жанқиярлығы мен төзімділігі – Ұлы Жеңістің негізі болды.

Мереке құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық тілеймін!»,- деп жазды елорда әкімі.

фото: instagram.com/jenis_qasymbek