Президент Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты

20 қазан, 2025
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
views52
Президент Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты
Фото: akorda.kz

Президент көрнекті мәдениет қайраткері, «Отан» орденінің иегері Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы өнертанушының қазақ фольклорлық және классикалық музыкасын дәріптеуге қосқан айрықша үлесін атап өтті.

Қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері Юрий Аравиннің өмірден озғаны туралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жеткізген болатын.

Фото: Аида Балаева/facebook

Оның атап өтуінше, Юрий Аравин қазақ музыкасына, халық композиторлары мен ақындарының мұрасына арналған бірқатар телерадио бағдарламасын жасады. Қазақ фольклорына шын жүрегімен ғашық, талантты музыкатанушы ретінде халқымыздың дәстүрлі музыкасының бай әлемін тыңдарманға жаңа қырынан танытты.