Биыл Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 5 млн теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді

8 мамыр, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Биыл Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 5 млн теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілді
фото: t.me/ortcom_kz

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан басқа санаттағы азаматтарға да төлемдер қарастырылған.

«Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 60 мыңнан 200 мың теңгеге дейін; бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындарына – 98 мыңнан 200 мың теңгеге дейін; ҰОС-ның қайтыс болған мүгедектер жұбайларына – 50 мыңнан 150 мың теңгеге дейін; ҰОС-да қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне – 50 мың теңге; тыл еңбеккерлеріне – 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейін көмек көрсету көзделген», - деді вице-министр.

Сонымен қатар, Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан басқа да санаттарға мерейтойлық медальдар табыс етілді.