Елордалықтар әлем чемпионатында жеңіске жеткен каратэшілерді қарсы алды

Бүгін, 10:23
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордалықтар әлем чемпионатында жеңіске жеткен каратэшілерді қарсы алды
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астаналықтар Германияның Лейпциг қаласында өткен киокушинкай-кан каратэден жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысқан спортшыларды мақтанышпен қарсы алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда елордалық спортшыларды туған-туыстары, достары, жаттықтырушылары мен жанкүйерлері еліміздің намысын әлемдік деңгейде абыроймен қорғаған жас спортшыларды қошеметпен қарсы алды.

Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үздік атанды, ал елордалық спортшылар бес медаль жеңіп алды:

Батырхан Ратбек (16-17 жас, 65 келіге дейін) – алтын медаль;

Амира Аққазинова (14-15 жас, 50 кг дейін) – күміс медаль;

Мұхаммедали Қойшыбай (16-17 жас, 60 келіге дейін) – қола медаль;

Ұлжан Рақышева (18-21 жас, 65 келіден жоғары) – қола медаль;

Айбек Аманов (18-21 жас, 80 келіге дейін) – қола медаль.

Айта кетейік, халықаралық турнирге әлемнің 40 елінен 900-ге жуық спортшы қатысты.