Елорда жаңалықтары

24 қараша, 2024
Астаналық құтқарушылар мерзімді сарбаздарды күтіп алды
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс полктері қатарында мерзімді қызметін аяқтаған әскери қызметшілер Астанаға келді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

23 қараша, 2024
Астанада халықаралық STEM-олимпиадасы басталды
Астаналық №103 мектепте STEM пәндері бойынша халықаралық олимпиада басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

23 қараша, 2024
Елордада «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді
Астанада кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, балалардың қадағалаусыз және бақылаусыз қалуының алдын алу мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

23 қараша, 2024
Елордада әскери авиация жаттығулары өтеді
23-24 қараша күндері Астанада Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшулары өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

23 қараша, 2024
Баспана сатып аларда нені ескеру қажет: Елордалықтарға арналған кеңес
Тұрғын үй сатып алу кезінде қиын жағдайға тап болмас үшін астаналықтар үлескерлердің қаражатын құрылыс салушыдан жинау мақсатында рұқсат құжаттарын толықтай мұқият тексеруі керек. Мамандар нақты не нәрсеге назар аудару керек екенін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми с...

22 қараша, 2024
Жеңіске бірге жүгір: Астаналықтар ерекше түнгі жүгіріске қатысты
Бүгін қала тұрғындары 21:00-де Ботаникалық саябақта 4 шақырым қашықтықты бағындырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

22 қараша, 2024
Астанада он жетінші жаңа мектеп ашылды
Бұл туралы Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

22 қараша, 2024
Астанада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр
Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді, оның 730-ы бойынша қылмыстық іс ашылып, сот органдарына жіберілді. Бұл туралы Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Айдар Қонысбек айтып берді, деп ха...

22 қараша, 2024
Елордада мектеп оқушысының екінші кітабы жарыққа шықты
Астанадағы Ұлттық кітапханада №52 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Нұрдәулет Сағымбектің «Рухани миллионер» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

22 қараша, 2024
Атырауда «Сарайшық – бабалар мұрасы» ауқымды іс-шарасы өтті
Талай игі іске ұйытқы боп жүрген «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ Астана қалалық филиалының қоржыны қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған тағы бір тың шарамен толықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

22 қараша, 2024
Астананың азаматтық қорғау жүйесі қысқы кезеңге дайын – ТЖД
Астанада қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға шұғыл ден қою қызметтерінің Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Арнайы қызмет өкілдері де шеберліктерін көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

22 қараша, 2024
Жеңіс Қасымбек Агроқалашық елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындармен Агроқалашық елді мекенін дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

22 қараша, 2024
Астаналық студенттер электромобиль жөндеуді үйреніп жатыр
Астанадағы Жоғары көлік және коммуникация колледжінде электронды схемалардың процестерін тереңірек зерттеуге, өнеркәсіптік электроника мен телекоммуникация жүйелерін тәжірибе жүзінде меңгеруге мүмкіндік беретін зертхана ашылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

22 қараша, 2024
«Наз» мемлекеттік би театры мерейтойлық қойылым ұсынды
Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театрының 25 жылдығы аясында «Алдар көсе» хореографиялық спектаклі ұсынылды. Бұл қойылым – театрдың XXV маусымдағы ірі жобаларының бірі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

22 қараша, 2024
Елордадан бір түнде 13 мың текше метр қар шығарылды
Астаналық коммуналдық қызметтер жолдарды, көшелерді, тротуарларды және аялдамаларды қар мен мұздан тазарту бойынша тәулік бойы жұмысын жалғастыруда, деп хабарлады Elordainfo.kz қалаа әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

22 қараша, 2024
Астанада есірткі жарнамалайтын 197 сайт бұғатталды
Астана қаласының Полиция департаментінде өткен көшпелі кеңесте қала тұрғындарын алаңдатқан қауіпсіздік мәселелері талқыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

22 қараша, 2024
Астаналық мектептерде балалардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі
Астананың білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

22 қараша, 2024
Қазақстандықтар Жаңа жылда неше күн демалады
2025 жылғы 1-4 қаңтар демалыс күндері болып белгіленді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл туралы бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлады Elordainfo.kz.